Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
Мұхтардың өзі де үлгі, өмірі де үлгі
2017 жылдың 28 қыркүйегі күні «Ана мен бала орталығының» көз микрохирургиялық бөлімінде ШҚО зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітаханасының кітапханашылары балаларға қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтың туғанына 120 жыл толуына орай «Мұхтардың өзі де үлгі, өмірі де үлгі» атты тақырыпта сұрақ-жауап жүргізді.
Көрермендер көзайымы
Біздің әріптесіміз Ишунин Денис пен көркемөнерпаздар ұйымының белсенді қатысушысы Тамбаева Ания 2017 жылдың 21,22 қыркүйегінде Алматы қаласында өткен Республикалық көрмейтін және нашар көретін жандар арасындағы 2-ші «Екі жұлдыз» ән фестивалінде 3 – орын алды және «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған Республикалық кітапхана» РММ-ң «Көрермендер көзайымы» номинациясымен марапатталды.








