Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
Брайль бойынша кіші сайыс
2017 жылдың 21 қыркүйегі күні кітапхананың акт залында Брайль жүйесі бойынша оқу мен жазудан кіші сайыс өтті. Барлығы 6 адам қатысты. Оқу бойынша сайыста 2 топқа бөлінді: бастауыш және жалғастырушы. Бастауыштар үшін «Бобовое зернышко» ертегісінен, ал жалғастырушылар үшін - Д. Донцованың «Жаба с кошельком» романынан үзінділер алынды.
Бір ел – бір кітап 2017
2017 жылдың 18 қыркүйегі күні ШҚО зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының оқу залында «Бір ел - бір кітап» акциясы өтті. Жас ұрпақтың санасына Алаш ұғымын сіңіре беру үшін биылғы акцияда Алаш тақырыбы қамтылу керек деген оймен «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының қортындысы бойынша Алашорда мемлекетінің 100 жылдығына орай «Жыл кітабы – 2017» таңдауы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын оқу ұсынылды.
XX – ғасырдың Ұлы жазушысы
2017 жылдың 14 қыркүйегі күні «Брайлист» үйірмесінің кезекті сабағы өтті. «XX – ғасырдың Ұлы жазушысы» атты әңгіме қазақ әдебиетінің классигі, 20 ғасырдағы қазақ халқының ұлттық ой – санасының, сөз өнерінің, көркем прозасының асқар биігі, теңдесі жоқ суреткер жазушы, драматург, ғұлама ғалым – әдеби зерттеуші, ұлағатты ұстаз, ірі қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жылдығына арналды.








