Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
Тәуелсіздік тұмары
2017 жылдың 4маусымыкүні «ШҚО зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы» КММ –ң мамандары мен оқырмандары Мемлекеттік рәміздердің 25- жылдығына арналған шара өткізді. Мемлекеттік рәміздеріміз – Елтаңба, Әнұран және Ту –егемендік, ел бірлігі және мемлекеттік биліктің атрибуттары болып табылады.








