Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Жемқорлықсыз Қазақстан»
Кітапханада «Жемқорлықсыз Қазақстан» атты кітап көрмесінің тұсаукесері өтті. Іс-шара, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымдарын қалыптастыруға, құқықтық мәдениеттерін дамытуға және құқықтық сана деңгейін көтеруге бағытталды. Көрмеге, сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелерін, ашықтық пен әділеттілікті қамтамасыз етудегі азаматтық қоғамның рөлін, сондай-ақ Қазақстанда қабылданған заңнамалық шараларды қамтитын кітаптар, мақалалар және басқа да ақпараттық материалдар қойылды.








