Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Біз Жеңістің ұрпақтарымыз»
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтардың кітапханасы, Ұлы Жеңістің 80-жылдығына орай, ұйымдастырған «Біз Жеңістің ұрпақтарымыз» Брайль жүйесінде эссе жазудан Республикалық байқауда оқырманымыз Серба Мария ІІ дәрежелі диплом және бағалы сыйлықпен, ал кітапхана қызметкері Ишунин Денис алғыс хатпен марапатталды.
«Терроризм - адамзаттың қасіреті»
Бүгінгі таңда терроризм – бүкіл әлемге қауіп төндіріп отырған жаһандық мәселе. Терроризм тек бір елдің емес, бүкіл адамзаттың қауіпсіздігіне қатер төндіретін күрделі құбылыс. Террористік әрекеттер қоғамда үрей мен тұрақсыздық туғызады. Қазақстан да бұл қауіптен сырт қалмай, терроризмге қарсы күрес шараларын тұрақты түрде жүргізіп келеді.
Кітаптың таныстырылымы
Кітапханада, үлкен әріптермен және бедерлі-нүктелі Брайль қарпімен басылып шыққан кітаптардың тұсаукесерлері өтті. Қонақтарға, екі кітап ұсынылды: Жеңістің 80 жылдығына орай жарық көрген «Мен сіздерге соғыс жайлы сыр шертемін...» атты соғыс туралы әңгімелер жинағы, сондай-ақ «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында шығарылған Жұмекен Нәжімеденовтың «Хат тасушы» атты повесті.








