Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласындағы,Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының сайтында көргенімізге қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
Жаңа кітаптар

Оқырмандарымыздың назарына Тұрсын Жұртбайдың «Абай», «Ол боламын демеңдер...», «Бесігіңді аяла», «Бесігіңді түзе!», «Дәрілқарап» атты деректі ғылыми-зерттеу кітаптарын ұсынамыз.
Тұрсын Жұртбай 1951 жылғы 15 тамызда Семей облысы Абай ауданының Шаған ауылында туған. 1969-1974 жылдары қазіргі әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік Ұлттық университетінің журналистика факультетінде оқыды.











