Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласындағы,Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының сайтында көргенімізге қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
Жаңа кітаптар

Құрметті оқырмандар!
Сіздер үшін жаңа кітаптар.
Сіздердің назарларыңызға бедерлі-нүктелі (Брайль) қаріппен арнайы зағип және нашар көретін оқырмандарға арналған қазақ тіліндегі А. Елгезектің «Болмаған балалық шақ», С. Омаровтың «Қызыл арай», «Қайырлы жаз», Р. Өтесіновтың «Әңгімелер», Б. Әлімжановтың «Қорасан қарақшының қолмергені» атты жаңа кітаптарды ұсынамыз.
Кітаптарды біздің кітапханада оқуға болады: Өскемен қаласы, Новаторлар көшесі, 11/1.












