Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Ұлттық киімнің әдемілігі»
18 наурызда Ұлттық киім күні атап өтіледі.
Ұлттық киім - бұл жай ғана киім емес, ол халықтың мәдениеті мен тарихы, оның дәстүрлері мен өмір салты. Ол ұлттың жарқын «индикаторы» ретінде өткеннің мәдени-рухани мұрасын сақтауға көмектеседі.
Кітапханамызда өткен «Ұлттық киімнің әдемілігі» этнографиялық сағатына № 4 орта мектептің 5 «А» сынып оқушылары қатысты.








