Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласындағы,Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының сайтында көргенімізге қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ!

«ШҚО зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы» КММ келесі үлгідегі тифломагнитолаларды сыйға қабылдайды: Panasonic, Daina, Эльфа, Легенда, AIWA.
Бұл жабдықтар CD-дискілер мен аудиокассеталардағы аудиокітаптарды 2,38 см/сек және 4,76 см/сек жылдамдықпен тыңдау үшін пайдаланылатын болады.












