Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласындағы,Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының сайтында көргенімізге қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
Кітаптың таныстырылымы
Кітапханада, үлкен әріптермен және бедерлі-нүктелі Брайль қарпімен басылып шыққан кітаптардың тұсаукесерлері өтті. Қонақтарға, екі кітап ұсынылды: Жеңістің 80 жылдығына орай жарық көрген «Мен сіздерге соғыс жайлы сыр шертемін...» атты соғыс туралы әңгімелер жинағы, сондай-ақ «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында шығарылған Жұмекен Нәжімеденовтың «Хат тасушы» атты повесті.












