Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
Қосбармақ Р. Жалқаудың жазасы
Құрметті оқырмандар!
Сіздер үшін жаңа кітаптар.
Қосбармақ Р. Жалқаудың жазасы. - Алматы: Үш Киян, 2024. – 280 б.
Белгілі ақын Рахат Қосбармақтың бұл кітабына әр жылдарда жазған ертегілері мен әңгіме, өлеңдері топтастырылған. Шығармалар жас өреннің ой-өрісін кеңейтіп, әдептілік пен ізгілікке тәрбиелейді. Қоршаған ортаға көзқарасын қалыптастыруға, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге. енбекқорлык пен адалдыққа баулиды.
Сіздерді біздің кітапханаға шақырамыз, мекен-жайымыз: Новаторлар көшесі, 11/1 үй.








