Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласындағы,Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының сайтында көргенімізге қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
Ана – өмір нұры

Кітапханада «Әйелдің жарқын әлемі» клубы аясында Аналар күніне арналған «Ана – өмір нұры» атты әдеби-поэзиялық кеш өтті.
Кеш бағдарламасы шынайы сүйіспеншіліктің көрінісіне айналды: жүректі тебірентер әсерлі өлеңдер оқылып, ең жақын жан — анаға арналған сырлы әндер шырқалды. Шағын әзіл-сықақ көрініс ананың қамқорлығы мен мейірімінің маңыздылығын айқындай түсті. Залдағы атмосфера ерекше жылылық пен шынайылыққа толы болып, жиналған қауымды бір арнаға тоғыстырды. Іс-шараның көркемдік әсерін LED-экрандағы сүйемелдеу арттырды: онда қатысушылардың аналарының фотосуреттері көрсетіліп, махаббаттың, қолдаудың символына айналды. Бұл бейнелер ана — әрқашан жанымыздан табылатын ең жақын әрі алғашқы адам екенін еске салды. Аналарға деген алғыс пен құрмет тек мереке күндері ғана емес, күнделікті өмірімізде де жалғасын таба берсін.












