Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласындағы,Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының сайтында көргенімізге қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Жеңіс қарсаңында…»

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында, кітапхана қызметкерлері «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ Шығыс Қазақстан филиалымен бірлесе, тыл ардагерлері — көру қабылеттері шектеулі кітапхана оқырмандары Б.В.Оконешников мен М.М.Халеловты келе жатқан мерекелерімен құттықтап, азық-түлік жиынтықтары және оқуға арналған кезекті кітап топтамасын ұсынды.












