Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Менің атым - Қожа»
08 қазан күні сағат 11.00.-де «Защита» кітапханалық пунктінде балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Бердібек Сокпақбаевтың 100 жылдығына арналған «Менің атым - Қожа» әдеби сағаты өтті.
Авторға «Менің атым — Қожа» шығармасы үлкен атақ әкелді. Ол «Балалар әдебиеті» баспасында жарық көрді, содан кейін орыс тілінен көптеген тілдерге аударылып, шетелдерде танымал болды: Францияда, Польшада, Чехословакияда, Болгарияда...
Луи Брайльдің әліпбиін оқыту курстары бедерлі-нүктелі қаріпті меңгергісі келетіндердің барлығын күтуде
Луи Брайльдің әліпбиін оқыту курстары бедерлі-нүктелі қаріпті меңгергісі келетіндердің барлығын күтуде. Кітапхананың жарық тифлокеңістігінде Брайль жүйесі бойынша оқу және жазу дағдыларын бекіту сабағы өтті. Біздің «оқушыларымыз» әр нүктені мұқият сезіп оқиды. Оқығаннан кейін жазуға көшеміз. Жазудың ерекшелігі - нүктелерді «айна» тәртібімен жазу керек. Осы қағиданы түсінген адамға білім оңай беріледі.
«Алты нүкте сиқырын»
Арнайы кітапхананың жас оқырманы «алты нүкте сиқырын» үйренуге шешім қабылдады. Үдемелі диагноз көру қабілетін қалпына келтіруге мүмкіндік қалдырмайды. Мұны түсінген жас оқырман жаңа мүмкіндікті пайдалануды жөн көрді. Қалаға келіп, Л.Брайль қарпімен оқу және жазу дағдысын алу үшін кез келген мүмкіндікті пайдалануға тырысып жүр.








