Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Жыр - менің жалғыз тарланым»
«Инклюзивті кітапханалар: тарихы, жетістіктері, перспективалары»
Шымкент қалалық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының 55 – жылдығына арналған, «Инклюзивті кітапханалар: тарихы, жетістіктері, перспективалары» атты халықаралық ғылыми – практикалық конференциясына «ШҚО зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы» КММ-і атынан кітапханашы Кобенова Назым Жолаушыгалиевна қатысып, «Кітапхананың инклюзивті жұмысы» атты баяндама жасады.
«SHYGYS BOOK FEST»
«SHYGYS BOOK FEST» кітап фестивалінің ортасында кітапхана қызметкерлері мен «ҚЗҚ» ҚБ және «Самғау» МДО мүшелері басты сахнада мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен «Шекарасыз шығармашылық» атты қызықты концерттік бағдарлама ұсынды. Олар өздерінің шеберліктерін көрсетіп, әуезді әндерімен халықты бір серпілтіп тастады!








