Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«SHYGYS BOOK FEST»
Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына кітапханада бедерлі-нүктелі қаріппен шығарған «Шабыттың алты нүктесі» атты «ерекше» әдебиетке шолу ұсынылды. Луи Брайль әліпбиін білмей «ерекше» әдебиетті оқу мүмкін емес. Барлық тілек білдірушілер үшін «Маған оқуды үйретіңіз» атты шеберлік сағаты көрсетілді. Шеберлік сағатында қатысушылар ерекше жазуға үлкен қызығушылық танытты. Олар зағиптарға арналған әліппемен ешқашан бетпе-бет келген емес, бедерлі нүктелері бар кітаптарды ешқашан көрген емес.
«SHYGYS BOOK FEST»
Зағип пайдаланушыларға арналған қосымшалардың тұсаукесері қала тұрғындары мен қонақтары үшін пайдалы және өзекті ақпаратты ұсынды. Тыңдаушылардың назарына «Логос» av3715.ru онлайн-кітапханасы, Be My Eyes (Менің көзім бол) қосымшасы, О Sullivan + (зағип, нашар көретін), зағиптарға арналған арнайы мүмкіндіктері бар Яндекс Go, NonVisual Desktop Access (NVDA) экрандық қолжетімділік бағдарламасы ұсынылды.
«SHYGYS BOOK FEST»
Қала тұрғындары мен қонақтары ерекше форматтағы кітаптармен безендірілген кітап аймағының көрсетіліміне қызығушылық танытты. Мұнда Л.Брайльдің бедерлі-нүктелі қарпімен орындалған «Абай» инсталляциясының тұсаукесері өтті. Көптеген адамдар мұндай кітаптарды алғаш рет көріп, қарапайым кітап пен Луи Брайль қарпіндегі кітаптың айырмашылығын көрді.








