Іс-шаралар

Құрметті пайдаланушы!

Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.

Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.

Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.

«Тілдің мерейі – елдің мерейі»

Размер шрифта

06092024

2024 жылдың 6-шы қыркүйегі күні арнайы кітапханада «Тілдің мерейі – елдің мерейі» атты Қазақстан халқының тілдері күніне арналған лингвистикалық сағат шарасы өтті.

Тілдер мерекесі ˗ барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, ана тілімізге деген құрмет.

Толығырақ...

Дауыстап оқу үйірмесі

Размер шрифта

041092024

Дауыстап оқу үйірмесі - барлығына бірдей әдеби шығармалар қолжетімді болатын орын. Кітапханамыздағы үйірмеміздің кезекті отырысы «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы аясында Бердібек Соқпақбаев шығармашылығына арналды. Клуб мүшелері «Менің атым Қожа» шығармасын тыңдап, талқылады. Дауыстап оқу барысында мәтінді ұлғайтқыш құрал «Топаз» қолданылды.

Фото

Үйде қызмет көрсету

Размер шрифта

04092024Оқырмандардың әртүрлі санаттарына деген толерантты және құрметті қатынастарды орнату - кітапхананың ұсына алатын басты нәрселері болып табылады. Оларға көмек беруге, қолдауға, кеңес беруге әрқашан дайын болу. Зағип оқырмандармен үйде жұмыс істеу басты мәселе болып табылады. Көру қабілеттерінен айырылған адамдар, әсіресе егде жастағы адамдар үшін басқалармен тікелей байланыс жасап отыру өте маңызды.

Толығырақ...

«Өлеңдер күлгенде»

Размер шрифта

045092024

Кітап оқу, әр адамның өмірінде үлкен рөл атқарады. Зағип адамдар үшін Брайл қарпімен кітап оқу әлемді тануға, жаңа идеяларды білуге және ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Біздің кітапхана, зағип жандарға арналып Брайль қарпімен кітаптар шығару арқылы олардың дамуларына мүмкіндік береді.

Толығырақ...

«Жыр - менің жалғыз тарланым»

Размер шрифта

032092024

2024 жылдың 2 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында ақын Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына арналған ақынның шығармашылығынан «Жыр - менің жалғыз тарланым» атты мәнерлеп оқу бойынша республикалық сайыстың қорытындысы шығарылды. Байқау ҚР зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханалар арасында онлайн форматта өтті.

Толығырақ...

bluemessage

DYFChsh2

ПАРАСАТ ЖОЛЫ

parasat

Оқырмандарымыздың сүйікті кітаптары

Любимые книги наших читателей

knigi2022