ІС-ШАРАЛАР

Құрметті пайдаланушы!

Сіздерді Өскемен қаласындағы,Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының сайтында көргенімізге қуаныштымыз.

Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.

Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.

«Бірге және тату болғанда жұмыс та жандана түседі»

Размер шрифта

09102024Бірге және тату болғанда жұмыс та жандана түседі. Жаңа білім алу еңбекқорлық пен шыдамдылықты талап етеді. Топтағы оқырмандар Луи Брайль әліпбиін оқып, бір-бірінің жетістіктерін көріп, «жаңадан келгендерге» құрал мен грифельді қалай ыңғайлы қолдануға көмектеседі және оларда бәсекелестік рух пен мотивация пайда болады. Барлығының білім деңгейі, оқу қабілеті, саусақтарының сезімталдығы әр түрлі, бірақ оларды үлкен қоғамда өзін табуға деген ұмтылыс біріктіреді.

Видео

«Менің атым - Қожа»

Размер шрифта

081102024

08 қазан күні сағат 11.00.-де «Защита» кітапханалық пунктінде балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Бердібек Сокпақбаевтың 100 жылдығына арналған «Менің атым - Қожа» әдеби сағаты өтті.

Авторға «Менің атым — Қожа» шығармасы үлкен атақ әкелді. Ол «Балалар әдебиеті» баспасында жарық көрді, содан кейін орыс тілінен көптеген тілдерге аударылып, шетелдерде танымал болды: Францияда, Польшада, Чехословакияда, Болгарияда...

Толығырақ...

Луи Брайльдің әліпбиін оқыту курстары бедерлі-нүктелі қаріпті меңгергісі келетіндердің барлығын күтуде

Размер шрифта

08102024Луи Брайльдің әліпбиін оқыту курстары бедерлі-нүктелі қаріпті меңгергісі келетіндердің барлығын күтуде. Кітапхананың жарық тифлокеңістігінде Брайль жүйесі бойынша оқу және жазу дағдыларын бекіту сабағы өтті. Біздің «оқушыларымыз» әр нүктені мұқият сезіп оқиды. Оқығаннан кейін жазуға көшеміз. Жазудың ерекшелігі - нүктелерді «айна» тәртібімен жазу керек. Осы қағиданы түсінген адамға білім оңай беріледі.

Фото

Байқауға дайындық жалғасуда!

Размер шрифта

07102024

Байқауға дайындық жалғасуда!

Жақында Л.Брайль әліпбиін меңгерген адамдар үшін басты оқиға - «Алты сиқырлы нүкте жасасын!» брайлистер сайысы өтеді.

Толығырақ...

«Мейірімді тышқандар»

Размер шрифта

044102024

3 қазанда кітапхана қызметкерлері ШҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының арнайы қызмет көрсету орталығында болды. А.Залещук «Мен оқығым келеді» авторлық ертегісімен ұсынылған «Мейірімді тышқандар» тақырыбында 7А тобының балаларымен ертегі терапиясын өткізді.

Толығырақ...

zadat vopros kaz
poslanie prez kaz

Мақта қыз бен мысық

 

makta

ПАРАСАТ ЖОЛЫ

parasat

ОҚЫРМАНДАРЫМЫЗДЫҢ СҮЙІКТІ КІТАПТАРЫ

knigi2022