Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«С берегов одной реки»
22 қараша күні Павлодар облыстық арнаулы кітапханасымен бірлескен «Бір өзен жағасындағы кітапханалар» серіктестік жобасы аясында «Заманауи кітапхана - мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған әлеуметтік - мәдени бейімдеу орталығы» атты онлайн кездесу өтті. Шара барысында қос кітапхана қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік-мәдени бейімдеу орталығы ретінде арнайы кітапханалардың қызметі туралы ақпаратпен алмасты.
«Өмірі – өнеге, ісі – үлгі»
Восточно-Казахстанская специальная библиотека для незрячих и слабовидящих граждан приняла участие в Международной онлайн-конференции «Өмірі – өнеге, ісі – үлгі», посвященной 85-летию со дня рождения основателя и организатора сети специальных библиотек для незрячих и слабовидящих граждан Казахстана, первого директора республиканской библиотеки для незрячих и слабовидящих граждан РК Сапелкина А. Ф.
«Толеранттылық күні»
1996 жылы 16 қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен Толеранттылық күні болып бекітілді. Ол әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да атап өтіледі. Бұл күні халық арасында толеранттылықты дәріптеуге бағытталған бұқаралық шаралар өткізілуде. Осыған орай, кітапханамызда «Толеранттылық күні» экспресс сағаты өтті.
«Менің ерекше әлемім!»
Зағип жандар дыбыс, иіс және сезімдер әлемінде өмір сүреді. Бірақ бұл айналадағы әлемнің сұлулығы оларға қолжетімсіз дегенді білдірмейді. Қоғам олардың мәселелері мен қажеттіліктерін ұмытпауға тырысады. 13 қараша – Халықаралық зағиптар күніне орай кітапханамызда «Менің ерекше әлемім!» атты концерттік бағдарлама өтті.








