Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласындағы,Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының сайтында көргенімізге қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Халиолла өмірі»
Арнаулы кітапханада, аудармашы Халиолла Өскенбаевтің туғанына 175-жыл толуына орай, «Халиолла өмірі» еске алу сағаты өтті. Іс-шараға Өскемен қаласы білім басқармасының «№35 орта мектеп» КММ-ң оқушылары қатысып, Халиолла Өскенбаев жайлы деректермен танысты. Шарада Халиолланың ата-тегі шешіресі, өмір жолы, алған білімі туралы ақпараттар берілді.




«Ханымдарға арналған жүрек жылуы!» Комплимент-кеші
«Қазақ киносының анасы». Аудиотүсіндірмесі бар киноэтюд
1 наурыз күні кітапхана қызметкерлері белсенді оқырманымыз Анна Залещукпен бірге «Өскемен балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де болып, ертегі терапиясын өткізді.
«Бір өзен жағасындағы кітапханалар» серіктестік жобасы аясында Павлодар облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасымен «Өлең жолдарындағы табиғат» онлайн кездесу өтті. Екі кітапхананың оқырмандары өздерінің өлеңдері арқылы сырларымен бөлісті.



