Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласындағы,Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының сайтында көргенімізге қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Дорога к сказам»
28 ақпан күні, «Кең шеңбер» тиімді серіктестік жобасы аясында, арнаулы кітапхана оқырмандары өлкетану мұражайына барды. Мұражай маманы П. П. Бажовтың 145–жылдығына арналған лекция өткізді. Танымал жазушысы 1919 жылы Өскеменге «Бахеев» тегімен сақтандыру агенті ретінде келіп, «Крестьянская газетаның» редакторы болды.
«Қазақстан мейірімділік мекені»
Алғыс айту күні қарсаңында, ШҚО зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында «Қазақстан мейірімділік мекені» атты мерекелік шара өтті. Шара барысында қазақ, неміс, украин, кавказ әндері орындалды. Облыстық этномәдени бірлестіктерінің өкілдері шын жүректен өз халықтары атынан қазақ еліне деген алғыстарын білдірді.
Читаем по-домашнему
Үйде оқимыз - Л. Брайль жүйесінде оқу және жазу дағдыларын меңгеру бойынша кезекті оқыту курсының мәнерлеп оқуға арналған тақырыбы. Аннаның балалық естеліктері - еденге жайлы жайғасып, қызықты кітап оқу, жанында пеште от жарқырап тұрады. Анна айналысатын оқу құралының екінші томында қысқаша әңгімелер бар. Мәтінге эмоция мен мәнерлілік беру өте қиын, бірақ нәзік поэзиялық табиғаты бар Анна бұл тапсырманы жақсы орындады.





Кітап әр адамның өмірінде үлкен рөл атқарады, бас бостандығынан айыру орындарындағы оқырмандар үшін жақсы кітаптар әрдайым сұранысқа ие, әсіресе көру қабілеті шектеулі адамдар үшін.



