Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласындағы,Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының сайтында көргенімізге қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Қазақ кино санлағы»
2024 жылдың 20 ақпанында арнайы кітапханада Қазақстандағы кинематографияның негізін қалаушы, дарынды театр және кино актері Шәкен Аймановтың 110 жылдығына орай «Қазақ кино санлағы» атты киноэтюд шарасы өтті. Қазіргі ұрпақ Шәкен Аймановтың талантын кинематография арқылы, өзі жасаған кинобейнелер мен кинофильмдер арқылы таниды. Іс-шарада оқырмандар Ш. Аймановтың өмірбаяны және шығармашылығымен танысып, «Біздің сүйікті дәрігер» музыкалық комедиясын тамашалады.
День дарения книг
Қазақстанда, бүкіл әлемде сияқты 14 ақпан - Кітап сыйға тарту күнін атап өту жақсы дәстүрге айналды. Кітапханамыз Кітап сыйлау күнін тойлауға белсене қатысты. Акцияға қатысушылар өздерінің сүйікті кітаптарын сыйға тартты. Сыйға тартылған әрбір кітап кітапханамыздың қорын толықтырып, міндетті түрде өз оқырманын табады!
Акцияға қатысу туралы өтінішін білдіргендердің барлығына алғысымызды білдіреміз.
«Он наш поэт, он наша слава»
2024 жылдың 13 ақпанында өткен «Ақ жүрек» поэзия сүйер қауымның отырысы Ілияс Жансүгіровтің туғанына 130 жыл толуына арналды. Ілияс Жансүгіров шығармалары поэзия сүйер қауымды бей-жай қалдырмайды, өйткені оларда адамға деген зор сүйіспеншіліктің үлкен эмоционалдық қуаты бар. Сол кездері қазақтың замануи кәсіби әдебиетінің басында дарынды да, көрнекті, өз ұлтының шынайы ақыны тұрды.
«Человек слова и реальных дел»

12 ақпан күні сағат 11.00-де Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевқа арналған «Сөз бен істің адамы» атты кеш өткізілді. 2023 жылы маусымда көрнекті мемлекет және саяси қайраткер Бердібек Сапарбаев дүниеден өтті. Бердібек Мәшбекұлы Тәуелсіз Қазақстанды құрған басқарушылар галактикасында ерекше орын алады.
Чемпионат ВКО по шахматам, шашкам и тогызкумалаку
05-09 ақпан аралығында арнайы кітапхана қабырғасында есту, көру және ТҚАЗ мүгедек спортшылар арасында шахмат, дойбы және тоғызқұмалақтан Шығыс Қазақстан чемпионаты өтті. Чемпионат Спартакиада мен Қазақстан Республикасы чемпионатының бағдарламасына енгізілген спорт түрлерін дамыту мақсатында өткізілуде.








