Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласындағы,Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының сайтында көргенімізге қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Открытый мир библиотеки»
Арнаулы кітапханада №27 мектептің 9 сынып оқушылары үшін «Кітапхананың ашық әлемі» атты таныстыру экскурсиясы өткізілді. Кітапхана қызметкерлері кітапхананың залдары мен кітап қорының ерекшеліктері туралы әңгімелеп берді. Балалар әсіресе тифлокешенде бедерлі нүктелі Брайль қарпімен басылған кітаптарға қызығушылық танытты.
«Жылаған ата үңгірі: аңыз бен ақиқат»
«СуперБрайлист» клубы аясында арнайы кітапханада «Жылаған ата үңгірі: аңыз бен ақиқат» атты тарихи библиоқазба шарасы өтті. Шара қонақтары №37 орта мектептің 9-сынып оқушылары мен клуб мүшелері ғажайып сарқыраманың аңыздары, тарихымен танысып, «Жылаған ата сарқырамасы» атты деректі фильмін тамашалады.
Благотворительность

Біздің әлемде жанқиярлық әрекеттер сирек емес. Қайырымдылық – мұқтаж адамға одан ешнәрсе күтпей көмектесу. Бұл әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандарға қажет. Қайырымдылыққа келетін болсақ, адамдардың көпшілігі үлкен сомалар туралы және т.б. ойлайды. Бірақ шын мәнінде көп адамдар ақшаға мұқтаж емес, мұндай адамдар негізінен қамқорлық пен назар аударуды қажет етеді.
Рабочие будни библиотекаря
ШҚО мәдениет басқармасының «ШҚО зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы» КММ қызмет көрсету секторындағы абонемент кітапханашысының жұмыс күні. Рабочие будни библиотекаря абонемента сектора обслуживания КГУ «Восточно-Казахстанская областная специальная библиотека для незрячих и слабовидящих граждан» управления культуры ВКО.
«Песни афганской войны»
Әскерлердің Ауғанстаннан шығарылуының 35 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ауған соғысы әндері» атты әдеби-әуенді композицияға Ауған соғысының ардагерлері А. В. Долгов пен С. К. Қадыров қатысты. Шара барысында ардагерлер табандылық және ерлікпен өз міндеттерін атқарғандығы туралы әңгімеледі.








