Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласындағы,Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының сайтында көргенімізге қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
Как собрать ТРЕВОЖНЫЙ РЮКЗАК?
Әр үйде жиі кездесетін заттарды пайдаланып, ДАБЫЛ ЧЕМОДАНЫН қалай жинауға болады?
Су және тамақ: бір адамға кем дегенде бір литр су, кептірілген жемістер, жаңғақтар, сухар, бірнеше банка консервіленген және жоғары калориялы тағамдар.
Алғашқы көмек жинағы: таңғыштар, антисептиктер, ауырсынуды басатын дәрілер.




Көзі нашар көретін балаларға арналған №14 мектеп-балабақша кешенінің бүлдіршіндері «сиқырлы» дойбыны өте жақсы көреді. Дойбымен қатар арнайы кітапхана қызметкерлері жанды әуеннің сүйемелдеуімен көңілді ойындар дайындады. 
«Кең шеңбер» қала мұражайларымен ынтымақтастық жобасы аясында Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорықтың қор коллекциясынан «Бірегей заттар» көрмесі арнаулы кітапханада ұйымдастырылды.
Зағип оқырмандарға арналған «арнайы» бедерлі нүктелі қаріппен жазудың келесі сабағы әскери тақырыпқа арналды. Қасым Қайсеновтың «Таңдаулылар» кітабы Брайльдің тыныс белгілері мен әріптердін үйренуге арналған оқу материалы болды.



