Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласындағы,Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының сайтында көргенімізге қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Болашаққа ұмтылған Қазақстан»
14 желтоқсан күні, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні қарсаңында «Болашаққа ұмтылған Қазақстан» атты шара өтті. Бағдарламада «Шабыт» жастар театрының 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы тақырыбында сахналанған қойылымы тамашаланды. Жүргізушілер республикамыздың қалыптасу кезеңдері, ерлік пен жанқиярлықтың үлгісіне айналған тұлғалар туралы әңгімеледі. Тәуелсіздік жолында жанын қиған батырлар бір минут үнсіздікпен еске алынды. Сол ерлік күндердің деректі кадрлары бар бейнекөрініс көрсетілді. Шараға қатысушылар әсерлі өлеңдер оқып, патриоттық әндер шырқады.
«Мүгедектерге арналған технологиялар»
Арнайы кітапхана қызметкері Денис Ишунин «Мүгедектерге арналған технологиялар» апталық айдарында, жиналғандарды «Алты нүкте» журналындағы «Соқыр адамдардың көруін қалпына келтірудің жаңа технологиялары» және «Зағиптар мен көзі нашар көретіндерге арналған бес технология» (ақылды сағаттар, бағыттаушы білезік, соқыр-саңырау-мылқауларға арналған Vision тіл құрылғысы) тақырыптарындағы мақалалармен таныстырды.
Государственный фонд социального страхования
11 желтоқсанда кітапханамызда әлеуметтік сақтандыру жүйесі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Н.Қыстаубаевпен кездесу өтті. Әңгімелесу барысында қордың жұмысы мен қазақстандықтардың құқықтары туралы кеңінен әңгімеленіп, қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.
«Рухани қазына – 2023»
27 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Астана қаласында мәдениет және өнер саласындағы ұйымдар мен қызметкерлердің жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Рухани қазына - 2023» фестивалі өтті. Республикалық фестиваль бірнеше кезеңнен тұрды. Байқаудың алғашқы күндерінде мәдениет қайраткерлері музей, кітапхана, мәдени-демалыс саласы бойынша өзара сайысқа түсті. Қазылар алқасына кітапхана саласы бойынша 78 өтінім келіп түскен. Кітапханашыларға арналған іс-шаралар Ұлттық академиялық кітапханада өтті.
Паралимпиада

Паралимпиада – мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Олимпиада, қысқы және жазғы спорт түрлерінен жарыстардың баламасы.Бұл атау медициналық терминнен шыққан, аудармада адамның аяқ-қолдарының сал ауруымен ауыратындығын білдіреді. SuperBrailist клубы шеңберіндегі өткен ерік-жігері күшті адамдар, спортшы - паралимпиадашыларға арналған сабақ,








