Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
Shygys Book Fest – 2025!
2025 жылдың 30 тамызында, Қазақстан Республикасының Конституциясының 30-жылдығы және Қала күнін мерекелеу аясында қаламыздың ең көрікті жерлерінің бірі – Арбат алаңында Shygys Book Fest – 2025 кітап фестивалі өтті! Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасынының «Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы» КММ, қала тұрғындары мен қонақтарының назарына, ерекше форматтағы кітаптары бар иллюстрацияланған кітап аймағын ұсынды.








