Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласындағы,Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының сайтында көргенімізге қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
Республиканский конкурс творческих дуэтов «Две звезды»

Республикалық «Екі жұлдыз» шығармашылық дуэттер байқауы жаңа жұлдыздарды жарқыратып, жаңа есімдерді ашады. «Екі жұлдыз» VII зағип және нашар көретін шығармашылық дуэттердің Республикалық конкурсы қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының оқырмандары Мукашев Мағзат пен Абылкаирова Динара дуэті дипломдармен марапатталса, ал әріптестеріміз Ишунин Денис пен Кузекпаева Гульбану дуэті «Көрермендер көзайымы» номинациясын жеңіп алды.
«Ер дәулетті – Еңбек»

Қыркүйектің соңғы жексенбісінде Қазақстан Республикасында Еңбек күні тойланады. Мереке қарсаңында кітапханада «Ер дәулетті – Еңбек» атты кездесу кеші өтті. Шараға қонақ ретінде тамаша адам, еңбек ардагері Петр Васильевич Кузнецов келді. Көру қабілетінен айырылғанымен Петр Васильевич еңбек жолын слесарь-жинақтаушы болып бастап, қажырлы еңбек пен табандылықтың арқасында «ҚЗҚ» оқу-өндірістік кәсіпорнының директоры қызметіне дейін жетті.
«Сыбайлас жемқорлық: тарих, қазіргі заман, күрес тәжірбиесі»
Сыбайлас жемқорлық – біздің дамуымыздың басты кедергілерінің бірі. Бүгінде сыбайлас жемқорлықтың ізі азды-көпті деңгейде кез келген елде кездеседі. Бүгін, біз «Сыбайлас жемқорлық: тарих, қазіргі заман, күрес тәжірбиесі» атты ақпараттық парақша арқылы бұл мәселе мемлекетімізге және әрқайсымызға орасан зор зиян келтіретінін тағы да оқырман назарына саламыз.
«Жаны нұрлы махаббатпен»
Бүкіл әлем анадан басталады... – осы сөздер аналар күніне арналған «Жаны нұрлы махаббатпен» атты мерекелік шараның лейтмотивіне айналды. Арнайы кітапхананың залында көтеріңкі көңіл-күй орнады. Мерекелік бағдарламада аналарға арналған құттықтаулар, тамаша әндер орындалып, авторлық өлеңдер оқылды. Көрермендер көптеген эмоцияларды бастан өткерді: олар ән айтты, көңілдерін көтерді және биледі. Шарадан әрбір қонақ ең жағымды әсерге ие болды.









