Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласындағы,Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының сайтында көргенімізге қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
Профилактика действий при землетрясении
Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы бірнеше жылдан бері ШҚО ТЖД мамандырымен тығыз байланыста. 23 ақпан күні өткен кезекті кездесу жер сілкінісі, су тасқыны, өрт, «БАРЛЫҒЫҢЫЗ назар аударыңыз!!!» дабылы кезіндегі іс-әрекетке арналды. Арнаулы кітапхана мамандары мен оқырмандарына ТЖД өкілдері оқу-жаттығу сабақтарын өткізді.
«Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері»

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясындағы іс - шараларды жалғастыра отырып, 22 ақпанда арнайы кітапхана жастарды белгілі драматург, жазушы, қоғам қайраткері Төлен Әбдіковтың шығармашылығымен танысуға шақырды. «Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» әдеби портретінде кітапханашылар оқырмандармен бірге Әбдіковтың сан қырлы әлемін ашты.
«Бір өзен жағасындағы кітапханалар»
Павлодар облыстық арнаулы кітапханасымен бірлескен, «Бір өзен жағасындағы кітапханалар» серіктестік жобасы аясында «Бір өзен жағасындағы кітапханалардың қайта жаңғыруы» атты әдістемелік онлайн сағат шарасы өтті.
Қала тарихындағы қызықты фактілер, аңыздар, көрнекі жерлермен танысу мақсатында жасалған «Қалаға саяхат» (Tour of the city) өлкетанулық онлайн квест ерекше қызығушылыққа ие болды.




14 ақпан - Халықаралық кітап сыйлау күні, барлық кітапқұмарлар мен кітапқа бей-жай қарамайтындардың мерекесі. Бұл күні кітаптармен алмасып, оларды оқуды ұнататындарға сыйлау әдетке айналған.




