Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласындағы,Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының сайтында көргенімізге қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Ай, да МЫ!»
Кітапханамызда «Ай, да МЫ!» хобби — студиясы құрылды. Алғашқы сабақта қатысушылар қолөнер түрлері және ерекшеліктерімен танысты. Әр қатысушылар өздерінің қызығушылықтарын баяндап, қолөнер туралы газет-журналдарды тамашалады.
«Бастеньки»

ШҚО архитектуралық-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражайдағы Яковлев Александр Андреевич жетекшілік ететін «Бастеньки» фольклорлық-этнографиялық ансамблі зағиптар мен көзі нашар көретін жандарға ерекше әсерлі концерттік кеш сыйлады.
«Шире круг»
ШҚО мәдениет басқармасы ұйымдарының өзара серіктестігі негізінде, ШҚО тарихи — өлкетану мұражайымен жаңа «Шире круг» серіктестік жобасы басталды. Зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтар туған өлкеміздің ұлы тарихи мұраларымен танысу үшін «Алтын залдарға» саяхат жасап, қола дәуіріндегі Шілікті, Катон-Қарағай, Тарбағайдағы ежелгі қорғандармен танысты.





«Сіздер үшін оқимыз» дауыстап оқу клубының алғашқы отырысында «Энергетикалық сусындар — табиғи сергектік» тақырыбы талқыланды. Женьшень, сермене сияқты шөптердің пайдалық қасиеттері баяндалып, тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.



