Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласындағы,Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының сайтында көргенімізге қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Инклюзивті қоғам қалыптастырудағы кітапханалардың даму тенденциясы»
Мүгедектігі бар адамдарға кітапханалық қызмет көрсету бойынша кәсіби сұрақтарды талқылау мақсатында Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханасында өтіп жатқан, «Инклюзивті қоғам қалыптастырудағы кітапханалардың даму тенденциясы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда кітапханамыздың директоры Кадырова Гульнар Казыгаевна стендтік баяндама жасады.
«Мемлекеттік тіл: бүгіні мен болашағы»
Бүгінгі күн «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Яғни, 5 қыркүйек барша қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тілдер мерекесін тойлайды. Осыған орай біздің кітапханамызда «Мемлекеттік тіл: бүгіні мен болашағы» атты дөңгелек үстел шарасы өтті.
«День знаний, мечтаний и дерзаний!»
День знаний - это всегда добрый, шумный и беззаботный праздник, который отмечается с особой торжественностью. И, конечно, библиотеки не остаются в стороне. Передвижная выставка - совет «День знаний, мечтаний и дерзаний!» представила подборку книг с весёлыми школьными историями, энциклопедии из разных областей знаний, журналы и газеты, которые сделают процесс обучения нескучным и интересным.
Послание Президента народу Казахстана

Бүгін кітапхана ұжымы мен оқырмандары Президент Қасым–Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында Жариялаған Қазақстан Халқына Жолдауын тыңдады. Жолдауда мемлекетіміздің алдағы басты бағыт бағдарлары айқындалып, әділетті Қазақстанды құру жолы талқыланды.









