Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласындағы,Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының сайтында көргенімізге қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Мұхтар Әуезовті оқимыз!» (Мұхтар Әуезовтің 125 – жылдығына арналған)

Құрметті достар!
ШҚО зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы Сіздерді зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтарға арналған кітапханалар арасында өтетін, «Мұхтар Әуезовті оқимыз!» (Мұхтар Әуезовтің 125 – жылдығына арналған) атты «Абай жолы» романынан Л. Брайль жүйесі бойынша мәнерлеп оқудың республикалық сайысына қатысуға шақырады.
«Заңдылық пен егемендіктің кепілі»
«Кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығында» өткен кезекті кездесуімізде ҚР Конституциясы күніне арналған «Заңдылық пен егемендіктің кепілі» атты шара өтті. Кітапхана қызметкерлері еліміздің барлық азаматтарының тату-тәтті өмір сүруіне, еңбек етуіне және демалуына мүмкіндік беретін негізгі заңның құрылу тарихы, оның маңыздылығы, ережелер мен міндеттер жиынтығы туралы айтып берді.






Бүгін кітапханамызда «Терроризм. Жауыздық шырмауы» атты кездесу шарасы өтті. Шараға ШҚО дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары Беккалиева А. С. және Файзрахманова Н. К. қатысты.



