Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласындағы,Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының сайтында көргенімізге қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Будущее со знаком +»
Халықаралық мүгедектер құқығын қорғау күні қарсаңында ШҚО зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы оқырмандары үшін «Будущее со знаком +» атты ақпараттық брифинг шарасы өтті. Шараға ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілі Мұратханқызы Динара, Өскемен қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар өкілі Кожакметов А. Ж., облыстық маслихат депутаты Смоляков И. А. қатысты.
«Батырлар, алға!»
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылуына 30-жыл толуына орай, «Батырлар, алға!» атты жігіттер эстафетасы өткізілді.
Ерлер клубының мүшелері Қарулы Күштердің құрылу тарихтарымен танысып, қазақ әскерінің даму кезеңдері туралы тифлокомментарийлі бейне көрініс тамашаланды. Сондай ақ танымдық викторина, сайыстарға қатысты.
С юбилеем
ШҚО мәдениет басқармасы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының директоры Гүлнар Қазығайқызы Қадырованы мерейтойымен шын жүректен құттықтайды. Сіздің өмір жолыңыз мейірімді және бақытты болсын, сіздің қызметіңіз жемісті және сәтті болсын!




Бедерлі-нүктелі ғаріпті үйренуші, біздің белсенді оқырманымыз Анна «Ежелгі грек аңыздары» кітапбынан үзінді оқыға талпынуда.
Необычное занятие по обучению игре в русские шашки провела библиотекарь Восточно-Казахстанской областной специальной библиотеки для незрячих и слабовидящих граждан. Ребята из «комплекса детский сад-школа №14 для слабовидящих детей» познакомились с тактильными пособиями.



