Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласындағы,Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының сайтында көргенімізге қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Жоралғысыз жол болмайды»

Жоралғы – қазақ халқының ұлттық әдет-ғұрпындағы кәделердің бір түрі: жасы үлкен адамдарға, ағайын-туыстарға немесе сыйлы қонақтарға қалыптасқан дәстүрлерге сай көрсетілетін құрмет, берілетін сый-сияпат. «Жоралғысыз жол болмайды» деп түсінген халқымыз, ата-бабалар дәстүрін шамасы жеткенше орындауға тырысқан.
Наурыз мейрамы

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамында кітапханамызда ерекше мерекелік шара өтті. Ең алдымен қонақтарымызға Наурыз көже таратылды. Шашу шашылып, әуезді әндер орындалды. Ерекше оқырмандар «Наурыз және Көктем Ару» атты көріністі сахналады. «Арқан тартыс», «Қыз қуу» сияқты ұлттық ойындар ойнатылып, соңында Ақсақал оқырманымыз өз батасын берді.
«Халықтың қадір тұтар дастарханы»

Ұлттық тағамдар күніне орай, кітапханамызда «Халықтың қадір тұтар дастарханы» атты гастро-тур шарасы өтті. Ұттық нақышта әсемделген залда «Табақ тарту» рәсімі көрсетілді.
День спорта и мастерства
Спорт және шеберлік күніне арналған кітапханалық шараның қатысушылары - №25 мектеп-гимназиясының оқушылары қазақ ұлттық ойындарының түрлерімен танысты. Артынша «Байге», «Тартыс», «Ақ сандық, көк сандық», «Сақина» ойындарына қатысып, жеңімпаздар сыйлықтарын алды. Танымды әрі қызықты шара балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.




20 наурыз – Зияткерлік күні аталып өтілді. Біздің кітапханашылар бұл мерекеде ШҚО ББ «Ақниет» мектеп-интернаты КММ – сынның мектеп жасындағы баларына зияткерлік «Зерде» сайысын ұйымдастырды.



