Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Ұлылардың ұлысы Абай»

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы» КММ-де Абай Құнанбайұлының 175-жылдығы мерейтойын тойлау «Ұлылардың ұлысы - Абай» шарасымен басталды. Осы күні кітапхана залында ұлттық нақышта безендірілген «Абай» информстудиясы ашылды. Кітаптардан жасалған инсталляция студияны толықтырып, көрік беріп тұрды. «Абай» информстудиясында маңызды шара өтті: кітапхананың тифлоқұрылғысы арқылы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы Брайль бедерлі – нүктелі шрифтісімен басылып шықты.
Қазақстанның сакральды географиясы: Қоңыр әулие үңгірі

Қазақстан тарихи орындармен қоса шипалы жерлерге кенде емес. Солардың бірі – Қоңыр әулие үңгірі. Бірі дертіне дауа іздеп келсе, енді бірі осынау ғажайып мекенді өз көзімен көруге асығады. «Брайлист» клубының кезекті отырысы осы қасиетті жерге арналды. Үңгірде болған оқырмандар өздерінің алған әсерлері. Ойларымен бөлісті.
Бір сәт және бүкіл өмір
«Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» жобасы аясында кітапханада ұлы тұлғалар мен тарихи оқиғалар жайлы тифлокомментарийлі фильмдер көрсету дәстүрге айналған. «Оптимист+» зейнеткерлерге арналған қызығушылық клубының кезекті сабағы қазақтың әйгілі әншісі, қазақ операсының негізін салушылардың бірі Күләш Бәйсейітоваға арналды.




«Оптимист+» қарт адамдарға арналған қызығушылық бірлестігінде осы арнаулы кітапхананың 44 жыл бойы тұрақты, белсенді оқырманы Щербакова Нина Гавриловнаның 90-жас мерейтойы тойланды. Нина Гавриловна біздің мақтанышымыз! Ешқандай мереке оның өлеңінсіз өткен емес.
Бүгін кітапхана ұжымы мен оқырмандары «Абай» информстудиясында «Әубәкір оқулары» әлеуметтік жобасын ашуға қатысты. Қонақта – жазушы, өлкетанушы, ақын Алдияр Ақылбекұлы Әубәкіров.



