Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Өлең сөздің дүлділі»
«Онлайн библиостудия» жобасының аясында дайындалған, қазақ халқының ұлы перзенті, ақындық импровизацияның шебері Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Өлең сөздің дүлділі» атты поэзиялық суреттемеге Мыңбай Рәш, Марфуға Айтқожа, Кенжехан Шалқар т.б. ақындардың жүрекжарды өлеңдері енген.





Кітапхана жұмысының маңызды бағыттарының бірі – денсаулығына байланысты кітапханаға келе алмайтын оқырмандарға үйде қызмет көрсету. Тапсырысқа байланысты кітапханашы қажетті әдебиеттерді дайындайды және жаңадан келіп түскен кітаптарға шолу жасап таныстырады.
«Светлый мир женщины» әйелдер клубының кезекті сабағы зағип болгар көріпкелі Ванганың 110-жылдығына арналды. Ерекше тағдырлы тұлғаның өмірі мен болжамдары оқырмандар арасында талқыланды.



