Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Деректі жанрдың шебері»

Қазақ әдебиетінде деректі жанрдың өрістеуіне айрықша үлес қосқан жазушы - Медеу Сапаұлы Сәрсеке 2-қаңтарда 85 жасқа толды. Инженер қаламгер әйгілі «Қ. Сәтпаев» ғұмырнама еңбегімен, бірнеше фантастикалық хикаяттарымен, тарихи-документальды романдарымен, драмалық шығармаларымен аға буын оқырмандарға өте танымал.
«Сарыарқа жазығы»

«Джентльмен однажды и навсегда» клубының жетекшісі Ишунин Денис Сіздерге Сарыарқа жазығына онлайн өлкетанулық саяхат жасауға шақырады.




«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлы даланың мәңгі тарихы» атты өркениет қиылысында оқырмандармен кездесу өтті.
Бүгін кітапханамызда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласына арналған ақпараттық брифинг өтті.
Жаңа жыл қарсаңында кітапхамызда мерекелік «Телефонмен оқу» шарасы өтті. Бізден көптеген оқырмандар мерекелік дастархан үшін ерекше рецептілерді тауып беруді сұрайды. Бүгін біз ерекше салат және десерт – жаңа жылдық бисквитті рулет рецептілерін ұсынамыз.



