Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
Тәуелсіз ел Конституциясы
Ана мен бала орталығының «Көз микрохирургиясы» бөлімі балаларына «Тәуелсіз ел Конституциясы» атты құқықтану сабағы өтті. Шара барысында балалар Конституция тарихы және оған енгізілген өзгерістер, толықтырулармен танысты.«АтаЗаң- алтын арқау!» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, балалар интеллектуальды–танымдық викторинаға қатысты.
Бүкіл әлем бір сөреде
Біздің құрметті оқырмандарымыз және Өскемен қаласының тұрғындары ШҚО зағиптар мен көзі нашар көретін азаматардың арнаулы кітапханасы сіздерге фонотека бөлімінде «Бүкіл әлем бір сөреде» атты дыбысты кітап көрмесін ұсынады. Бүгінде басылып шығып жатқан сан-алуан әдебиеттермен ешкімді таң қалдыра алмайсың. Алайда біздің кітапханада ерекше адамдарға арналған ерекше кітаптар бар. Оның ерекшелігі неде?
Ол зағип жандар өмірінде бүкіл әлемді алмастырады. Дискідегі мәтінмен қоса сапалы шыққан дыбыс шығармадағы оқиғаны елестетуге өз үлесін қосады.
Сөреге Қазақстандық және шет елдік ақын –жазушылардың, заманауи классиктердің өмірбаяндары, шығармалары психолгиялық тренингтер кітаптары және балалар мен мектеп оқушыларына арналған түрлі жанрдағы дыбысты кітаптар қойылған. Сіздерді кітапханада күтеміз!
«Сыйқырлы алты нүкте» Көрші кітапханаға саяхат
Сізге көршілес не орналасқан? Дүкен, дәріхана, шаштараз, бала - бақша…
Бүгінгі біздің қонақтарымыз Кітапханамен көршілес. Оның ішінде ерекше кітапхана - «Зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтарға арналған кітапханасымен». Қонақ балалар «Сыйқырлы алты нүкте» атты саяхат турын тамашалады.
Халық оқытушысы – Ыбырай Алтынсарин
Құрметті оқырман! Мектеп демалысы кезеңінде біздің кітапханада балаларыңызбен бірге Ыбырай Алтынсариннің шығармаларын оқуды ұсынамыз. Ыбырай Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Әрбір туындысы балалар дүниесіне өте жақын. Әрі педагог, әрі ақын – жазушы Ыбырай Алтынсариннің өз халқының келешегі үшін істеген еңбегі зор.




Шілде – күн барынша ұзарып, ыстық көтерілетін уақыт. Осындай шіліңгір ыстықта біз жаңбырды, жаңбырдан кейін шығатын кемпірқосақты аңсаймыз. Кітапханамыздың оқу залында қызметкерлер түрлі тақырыптағы кітаптардан құралған кемпірқосақтың бір бөлшегін жасады.



