Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
Шығыстың ұлы ғалымы
Кітапхана залында Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150-жылдық мерейтойына арналған «Шығыстың ұлы ғалымы» атты тарихи сағат өтті. Шараға Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің «Рухани жаңғыру» және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары Нұраш Игисинова мен Майра Шүршітбаева қонақ ретінде қатысты.
Тірі естелік

Ерлік туралы 45 минут: Ауғанстаннан кеңес әскерінің шыққан күніне 31-жыл толуына орай №25 мектеп оқушылары үшін «Тірі естелік» атты ерлік сабағы өтті. Ауған соғысы жайлы 1987 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылып, Ауғанстанда әскери борышын өтеген ардагер Шестаев Еркебұлан Төкенұлы баяндады.
«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы

Шығыс Қазақстан зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы басталды. Бір ай көлемінде кітапханаға кітап сыйлауыңызға болады. Ол кез – келген әдебиет болуы мүмкін – балалар мен ересектерге арналған көркем әдебиеттер, энциклопедиялар, түрлі тақырыптағы кітаптар.




Қазақстан халықтарының Ассамблеясы елімізді мекендеген бүкіл ұлттар бірлестігінің орталығы. Кітапханада мерейтой аясында «Достықтың алтын көпірі» атты мега-көрме ашылды.




