Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
Менің тәуелсіз елім!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні қарсаңында зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы №25 мектеп оқушылары үшін патриотизм сабағын өткізді. Оқу залында «Қазақстан – бейбітшілік және келісім территориясы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Балалардың ұлттық сана – сезімін ояту мақсатында Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұматтар берілді.
Еліміздің көшбасшысы
Тұңғыш Президент күні қарсаңында Ана мен бала орталығының «Көз микрохирургиясы» бөлімі балалары үшін Елбасы өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, азаматтылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында комментарийлі оқу шарасы өтті. Балалар еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері мен сүйікті кітаптары туралы мағлұматтарды кітап көрмесінен алды.




Қыс – шыршаның астынан сыйлықтар күтетін, үйімізде мандариндердің иісі шығатын ерекше керемет жыл мезгілі. Бүгін, 23 желтоқсан күні кітапханашылар «Бүлдіршін» бала – бақша тәрбиеленушілері үшін «Жаңа жылдық ертегі орманы» атты жаңа жылдық көрініс қойымын өткізді.



