Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
Ақ таяқ апталығының ашылуы
Жастайымнан жан серігім сенетін,
Тық - тық етіп маған дыбыс беретін.
Екі құлақ жан-жағымда байқаса,
Ақ таяқ қой табан жолды көретін.
Ақ таяқ- бүкіл әлемдегі зағиптардың ең бір айрықша нышаны. Мұндай бағаға өткен ғасырдын -20 жылдары ие болды. Бүгін де ақ таяқ зағип жандардың сүйенетін, бағыт беретін бірден –бір құралы.
Мұхтардың өзі де үлгі, өмірі де үлгі
2017 жылдың 28 қыркүйегі күні «Ана мен бала орталығының» көз микрохирургиялық бөлімінде ШҚО зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітаханасының кітапханашылары балаларға қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтың туғанына 120 жыл толуына орай «Мұхтардың өзі де үлгі, өмірі де үлгі» атты тақырыпта сұрақ-жауап жүргізді.




2017 жылдың 5 қазаны күні «Брайлист» үйірмесінің кезекті сабағы өтті. «Екі лагерь арасында» атты әңгіме орыс жазушысы,ақын, драматург А.К.Толстойдың 200 жылдығына арналды.
2017 жылдың 4 қазаны күні кітапханамыздың акт залында Қарттар күніне арналған мерекелік шара өтті. Залда мерекеге сай әсемделді.
2017 жылдың 2 қазаны күні «Үлбі» әлеуметтік бейімдеу орталығында «ШҚО зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың» арнаулы кітапханасының «Зағиптар қоғамының» мүшелерінен құралған өнерлі топ «Мейірімділік пен құрмет күні» тақырыбымен мерекелік концерт қойды.



