Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
XX – ғасырдың Ұлы жазушысы
2017 жылдың 14 қыркүйегі күні «Брайлист» үйірмесінің кезекті сабағы өтті. «XX – ғасырдың Ұлы жазушысы» атты әңгіме қазақ әдебиетінің классигі, 20 ғасырдағы қазақ халқының ұлттық ой – санасының, сөз өнерінің, көркем прозасының асқар биігі, теңдесі жоқ суреткер жазушы, драматург, ғұлама ғалым – әдеби зерттеуші, ұлағатты ұстаз, ірі қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жылдығына арналды.




2017 жылдың 11 қыркүйегі күні ШҚО зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында зағип жандарға газет журналдардың жаңа басылымдарынан дауыстап оқу шарасы өтті.
2017 жылдың 4 қыркүйегі күні «Ана мен бала» орталығының «Көз микрохирургия» бөлімінде кітапханашылар 1-ші қыркүйек білім күніне балаларға арнап «Біз мектепке барамыз!» тақырыбы бойынша конкурстық әдеби-танымдық шара өткізді.
2016 жылдың 4 қыркүйегі күні ШҚО зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында зағип жандарға 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Ата Заңы күніне орай дауыстап оқу шарасы өтті.
Конституция күні мерекесі қарсаңында, 2017 жылдың 28 тамызы күні кітапханамыздың акт залында Конституция күніне арналған мерекелік концерт пен Қазақ соқырлар қоғамының 80 – жылдығына арналған облыстық фестиваль өтті.



