Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
Тәуелсіздік тұмары
2017 жылдың 4маусымыкүні «ШҚО зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы» КММ –ң мамандары мен оқырмандары Мемлекеттік рәміздердің 25- жылдығына арналған шара өткізді. Мемлекеттік рәміздеріміз – Елтаңба, Әнұран және Ту –егемендік, ел бірлігі және мемлекеттік биліктің атрибуттары болып табылады.




2017 жылдың 24 тамызы күні «ШҚО зағиптар мен көзі нашар азаматтардың арнаулы кітапханасы» КММ-ң акт залында «Әуенді тап» атты сазды ойыны өтті.
2017 жылдың 1 маусымы күні «Ана мен бала орталығының» көз микрохирургиясы бөлімінде ШҚО зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітаханасының кітапханашылары 1-маусым балаларды қорғау күні мерекесіне «Бақытты балалық шақ» тақырыбымен әдеби-мерекелік іс-шара өткізді.
2017 жылдың 30 мамыры күні Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапхансының акт залында 1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай «Ертегілер елінде» тақырыбымен мерекелік шара өтті.
2017 жылдың 25 мамыры күні «ШҚО зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы» КММ –де кітапханашы Сматова Р. Жаңа кітаптарға шолу жасады.



