Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Бақыт сенен басталады»

2025 жылғы 23 сәуірде сағат 11.00-ден 14.00-ге дейін Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында маңызды оқиға – Ұлттық кітап күні мен Наурыз мейрамын тойлауға арналған «Бақыт сенен басталады» бірінші аймақтық инклюзивті фестивалінің ашылуы өтті.











