Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
Туреханова Зауре Айша и Невидимые соседи

Құрметті оқырмандар!
Сіздер үшін жаңа кітаптар.
Туреханова, Зауре. Айша и Невидимые соседи: повесть в жанре урбан фэнтези. – Алматы: Дәуір, 2024 – 192 с.
Зауре Туреханова - балалар жазушысы және сценарист. Оның қазақ мифологиясымен шабыттанған кітаптары тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымалдыққа ие болды. «Алтын қалам» және «Алтын тобылғы» атты беделді байқаулардың лауреаты Зауре балалар үшін аңыздарды тірілтіп, ғажайып әлемдер жасайды.
«Ана - өмір шуағы»

Бүгін кітапханада «Ана-өмір шуағы» атты 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Кештің ашылуында Қазақ зағиптар қоғамы Қоғамдық бірлестігі Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Раев Самат Тоқанұлы мен шақырылған қонақтар әйелдер қауымына жылы лебіздерін білдіріп, құттықтау сөздерін арнады.











