Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«SHYGYS BOOK FEST»
Шоудаун демонстрациясы (зағиптарға арналған үстел теннисі) өтіп бара жатқандардың қызығушылығын тудырды. Ракеталары бар ерекше үстел олардың назарын бірден аударды. Кейбіреулер үстел теннисінде бірнеше ойын ойнап көрді. Тұсаукесер барысында Шоудаун ойынының тарихымен және ережелерімен танысты.
«Кітап Time - 2024»
«Кітап Time -2024» республикалық акциясы аясында, кітапханада биыл 100 - жылдығы тойланған Бердібек Сокпақпаевтың шығармалары бойынша, «Кітап - бейнелер мәдениеті» әдеби сағаты өткізілді. Кітапхана қонақтары № 4, 9 «А» сынып оқушылары мен «Өскемен қызмет көрсету колледжі» болды. Балалар автордың кітаптарына шолуды қызығушылықпен тыңдады.





2024 жылдың 20 қыркүйегінде «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында «Алматы қаласы Республикалық зағип және көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының» ұйымдастырумен «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты халықаралық онлайн-конференциясы өтті.




