Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Бірге және тату болғанда жұмыс та жандана түседі»
Бірге және тату болғанда жұмыс та жандана түседі. Жаңа білім алу еңбекқорлық пен шыдамдылықты талап етеді. Топтағы оқырмандар Луи Брайль әліпбиін оқып, бір-бірінің жетістіктерін көріп, «жаңадан келгендерге» құрал мен грифельді қалай ыңғайлы қолдануға көмектеседі және оларда бәсекелестік рух пен мотивация пайда болады. Барлығының білім деңгейі, оқу қабілеті, саусақтарының сезімталдығы әр түрлі, бірақ оларды үлкен қоғамда өзін табуға деген ұмтылыс біріктіреді.
«Менің атым - Қожа»

08 қазан күні сағат 11.00.-де «Защита» кітапханалық пунктінде балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Бердібек Сокпақбаевтың 100 жылдығына арналған «Менің атым - Қожа» әдеби сағаты өтті.
Авторға «Менің атым — Қожа» шығармасы үлкен атақ әкелді. Ол «Балалар әдебиеті» баспасында жарық көрді, содан кейін орыс тілінен көптеген тілдерге аударылып, шетелдерде танымал болды: Францияда, Польшада, Чехословакияда, Болгарияда...











