Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Ұлы тұлға Сәкен Сейфуллин»
2024 жылдың 17 шілдесі күні арнайы кітапханада қазақ әдебиетіндегі соцреализмнің негізін қалаушы, ақын және жазушы, мемлекет қайраткері, ХХ ғ. Қазақстандағы мәдени құрылыстың негізін қалаушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің 130 – жылдығына арналған «Ұлы тұлға Сәкен Сейфуллин» атты әдеби сағат шарасы өтті.
Үйде қызмет көрсету

Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы көру қабілеттері бұзылған оқырмандарға үй жағдайында да қызмет көрсетіп келеді. В.В.Зубков - осындай оқырмандардың бірі болып саналады. Оған аудиокітаптар әкелініп, тыңдалған кітаптар туралы әңгіме жүргізілді.






2024 жылдың 10 шілдесі күні арнайы кітапханада қазақтың көрнекті жазушысы, драмашысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Бейімбет Жармағамбетұлы Майлиның 130 жылдығына арналған «Тұғыры биік тұлғалар» атты әдеби портрет сағаты өтті.



