Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Таза өлке - таза ауа»

2024 жылдың 8 сәуірінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен бүкіл Қазақстан бойынша «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталды. Бұл акция әрқайсымызды қоршаған әлемді жақсарту үшін қадамдар жасауға шабыттандырады. Таза көшелер - бұл әдемі әрі біздің денсаулығымыз бен болашағымыз үшін қамқорлық болып табылады.












