Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
«Мен және менің кітапханам»

Алғаш рет кітапханамыздың 55 жылдығына және бедерлі-нүктелі қаріптің негізін қалаушы Луи Брайльдің туғанына 215 жыл толуына орай арнайы кітапханалар арасында «Мен және менің кітапханам» атты тақырыпта Республикалық байқау ұйымдастырылды. Байқауға Ақтөбе, Атырау, Тараз, Көкшетау, Өскемен қалаларынан Л.Брайль қарпімен терілген 15 эссе және Алматы қаласынан тегіс баспа форматында басылып шыққан 5 шығарма ұсынылды.
Құрметі оқырмандар!
Құрметі оқырмандар!
«Защита» кітапханалық пункті оқырмандарға қызмет көрсету жұмысын жалғастыруда. Сіздер өз талғамдарыңызға сәйкес кез келген кітаптарды таңдай аласыздар. Бұл танымал әрі заманауи жазушылардың детективтері, фантастика мен фэнтази, әйелдер романдары мен триллерлері, сондай-ақ отандық авторлар мен әлемдік әдебиеттің туындыларын оқуға болады.
Сіздерді әр аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері сағ. 9.00 – ден 18.00 – ге дейін төменгі мекенжайда күтеміз: Косарев көшесі 34 үй.
"Кітапхана толқынында 55 жыл"

ШҚ облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы өзінің 55 жылдық мерейтойын атап өтті. Ағарту және мәдениетті дамыту саласында, табысты жұмыс істеу үшін, елу бес жыл деген қысқа мерзім емес. Мерекелік іс-шара басталар алдында барлық қонақтарды кітапхананың жылдар бойғы жетістіктері туралы баяндайтын "Кітапхана толқынында 55 жыл" атты кітап инсталляциясы күтіп тұрды.










