Құрметті пайдаланушы!
Сіздерді Өскемен қаласының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан облыстық арнайы кітапханасының сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз.
Біздің кітапханамыздың негізгі қызметі – пайдаланушыларға қызмет көрсету және ақпаратқа қол жеткізу.
Ақпараттық сайттың арқасында кітапханамыз оқырманға жақынырақ болады деп сенеміз.
Обучающие курсы
Л.Брайль жүйесі арқылы оқу және жазу дағдыларын меңгеру бойынша оқыту курстары жалғасуда. Алты нүктелік жүйемен алғаш рет кездескен жас кітапхана оқырманы әріптерді оңай жаттау үшін өзіне схема құрастырды. Бірінші сабақта ол кішкентай брайль ұяшығын шарлауды үйренді, әр жолға нүктелерді еркін тесіп шықты.
«Зимние сказки для любознательных книгочеев»

26 қаңтар күні сағат 11.00 - де арнаулы кітапханада «Үлбі» оңалту орталығының тәрбиеленушілері үшін «Кітапты жақсы көретін балаларға арналған қысқы ертегілер» атты библиоертегі шарасы өтті. Балалар ертегі әлеміне қызықты саяхатқа аттанды. Қыс ханымы балаларға сүйікті «Шалқан» ертегісінің қойылымын ұсынды.




«Қайталау – білімнің анасы» дейді халық даналығы. Арнайы бейімделген дойбы тақталарында дойбы ойнау дағдыларын үйрету бойынша келесі сабақ қарапайым дойбы мен зағип адамдарға арналған дойбы арасындағы негізгі айырмашылықтарға арналды.
Арнаулы кітапхана халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» акциясын өткізді. Іс-шараның мақсаты – қоғамда мемлекеттік қызметтің оң имиджін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Көзі нашар көретін балаларға арналған №14 мектеп-балабақша кешенінің бүлдіршіндері «сиқырлы» дойбыны өте жақсы көреді. Дойбымен қатар арнайы кітапхана қызметкерлері жанды әуеннің сүйемелдеуімен көңілді ойындар дайындады. 



